Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 24 Feb 2023 17:47:46 GMT )
Ақп 24, 2023 23:47 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Германия үкіметінің ирандық дипломаттарды елден шығарғанын сынап, бұған қатаң реакция білдіру керегін айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Седдиқи жұма намазының құтпаларында әсіре лаңкестік топтың серкесі Джамшид Шармехрдің қорғаушының қатысуымен өткен әділ сотта өлім жазасына кесілгенін айтып, Германия үкіметінің осы іске араласқанын сынап: "Германия үкіметі мен адамзатқа қарсы ақпарат құралдары бұл мәселені түйткілге айналдырды. Тіпті Германия үкіметі Иранның елшісі міндетін атқарушысын СІМ-ге шақыртып, кейбір ирандық дипломаттарды елден шығарып жіберді. Иран халқы елдің СІМ-нен осы әрекетке тиісті жауап беруін күтеді",-деді.

Казем Седдиқи сондай-ақ Сақшылар корпусының дұшпандарға қарсы күресудегі рөлін теңдессіз деп атап: "Сақшылар корпусы Иранға қарсы құрама соғыста және елдің қорғаныс қуатын нығайтуда теңдессіз рөл атқарды",-деді.