Раиси: Урумие көліне су жеткізу желісін салу – Иран үкіметінің қоршаған ортаға көңіл аударатынының белгісі
Иран Президенті елдің солтүстік-батысында Урумие көліне су жеткізу желісін іске қосу рәсімінде: "Бұл жобаның іске қосылуы Иран үкіметінің Урумие көліндегі экожүйенің сақталуына және қоршаған ортаның қорғалуына ерекше маңыз беретінін көрсетеді",-деді.
Канисиб бөгетінен Урумие көліне қарай 36 км-лік су туннелін салу жобасы 2016 жылы басталған. Өткен 8 айда жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жоба жұма күні Иран Президентінің қатысуымен іске қосылды.
Ибрахим Раиси Урумие көліне су жеткізу желісін іске қосу рәсімінде шағбан айының басталуы және Сақшылар күнімен құттықтап: "Жобаның іске қосылуы жылдар бойы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш салған адамдардың еңбегі мен жанпидалығына қарыздар",-деді.