Ұшу қашықтығы 1650 км «Паве» қанатты зымыраны көрсетілді
Сақшылар копусының Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: ««Паве» қанатты зымыраны Сақшылар копусының Әуе-ғарыш күштерімен жасалып шығарылған 1650 км қашықтық ең жаңа қанатты зымыраны болып табылады.
Сақшылар копусының Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Сардар Хаджизаде: «Бұл зымыран арқылы біз АҚШ-тың әскери-теңіз күштері мен ұшақ тасығыштарын 2000 шақырым қашықтықта нысанаға аламыз. Американдықтардың біз ұрған немесе жарамсыз қылған бірқатар күшті күштері бар. Әуе күштерінде біз басынан бастап американдық соғыс машинасының мүмкіндіктерін тиімсіз етуге тырыстық. Дүниежүзіндегі ең үлкен әуе күштері АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі. Бұрын бұл флот қай елге қарай жылжыса, сол елдің билеушісі құлайды деп айтылатын»,- деп мәлімдеді. Сардар Хаджизаде Иран жасаған гипердыбыстық зымырандарға қатысты: «Бұл зымыран атмосферадан тыс маневр жасай алады және онымен күресетін жүйені алдағы ондаған жылдар бойы ешкім жасай алмайды»,- деді.