Иранның білімге негізделген компанияларының экспорты бір миллиард долларға жетті
(last modified Sat, 25 Feb 2023 11:44:55 GMT )
Ақп 25, 2023 17:44 Asia/Almaty
  • Иранның білімге негізделген компанияларының экспорты бір миллиард долларға жетті

ИИР Президентінің ғылым, технология және білімге негізделген экономика мәселелері жөніндегі орынбасары соңғы он бір айда елдің білім компанияларының бір миллиард долларлық экспортын жариялады.

ИИР Президентінің ғылым, технология және білімге негізделген экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Рухолла Дехқани Фирузабади: «Елдегі білімге негізделген компаниялардың экспорты бір миллиард долларға жетті, бұл барлық шектеулерге қарамастан орын алды»,- деді.

Дехқани Фирузабади соңғы он бір айда 1600-ге жуық компанияның білімге негізделген компания ретінде тіркелгенін және өткен жылы бұл санның 700-ден 800-ге дейін болғанын айтты.