Иран мен Арменияның сыртқы транзиті өсті
(last modified Sat, 25 Feb 2023 11:48:01 GMT )
Ақп 25, 2023 17:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның сыртқы транзиті өсті

Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының Арас еркін аймақ ұйымының басқарушы директоры Иран мен Армения арасындағы сыртқы сауданың өскенін хабарлады.

Арас еркін аймақ ұйымының бас директоры Маджид Киани Армениямен сауданы дамыту мүмкіндіктері мен шектеулеріне арналған мамандандырылған отырыста Иран мен Арменияның ортақ еркін аймақ құру талпыныстарына тоқталып: «Еуразиялық одақ елдерінің 700 миллиард долларлық экономикалық мүмкіндіктерінен Иранның үлесі 5,7 миллиард долларды құрайды»,- айты.

Киани Иран мен Армения арасындағы сауда алмасу үрдісінің өсу үрдісін бағалап: «Иран мен Армения қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету және ортақ нарықтар құру арқылы өздерінің коммерциялық алмасуларын арттыра алады»,- деді.