20 ел Ираннан дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді сұрады
Иранның Денсаулық сақтау министрі: "20 ел Ираннан дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді сұрады",-деді.
Бахрам Ейнуллахи дүйсенбі күні азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтар саласындағы алғашқы іргелі ғылымға негізделген өнімдер көрмесінің ашылу рәсімінде: "Революциядан кейін денсаулық сақтау саласында ірі жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем бойынша мақтан тұтар өнімдеріміз көп",-деді.
Ейнуллахи: "Қазіргі таңда елде 67 медицина университеті, 850 зерттеу орталығы, 25 фармацевтика факультеті бар. Адам ресурсы мол. Осы ресурсты көбірек пайдалануымыз керек",-деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі санкцияларды өз-өзімізді қамтамасыз етіп, қарым-қабілетті нығайтуға мұрсат деп атап: "Бүгінде әлем елдерінің көбі Иранмен достық байланыс орнатуға ынталы",-деді.