Хатам ул-Анбия (с.ғ.с.) гарнизонының қолбасшысы сионистік режимнің әрекеттерін қолдауға қатысты ескерту жасады
(last modified Mon, 27 Feb 2023 18:11:19 GMT )
Ақп 28, 2023 00:11 Asia/Almaty
  • Хатам ул-Анбия (с.ғ.с.) гарнизонының қолбасшысы сионистік режимнің әрекеттерін қолдауға қатысты ескерту жасады

Хатам ул-Анбия (с.ғ.с.) гарнизонының қолбасшысы АҚШ үкіметіне сионистік режимнің әрекеттерін қолдау америкалық сарбаздардың жанын қатерге тігетінін ескертті.

Хатам ул-Анбия (с.ғ.с.) гарнизонының қолбасшысы генерал-майор Ғұламәли Рашид: "Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін сионистік режиммен әріптесетін кез келген  ел өз әрекетінің өтеуін төлейді. Аталмыш гарнизон, Қарулы күштердің бас штабы, армия мен Сақшылар корпусы сионистік режимнің Иранның ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қарсы кез келген қоқан-лоқысын АҚШ-тың үйлестіруі және қолдауымен жүзеге асырылған әрекет деп санайды. Сондықтан Иранның қарулы күштері оған кесімді жауап беретін болады",-деді.

Генерал-майор Ғұламәли Рашид: "ИИР Барлау қызметі АҚШ пен сионистік режимнің тактикалық қимылдарын жіті бақылап отыр",-деді.