Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының еуропалықтарға қатаң ескертуі: Өздеріңе қауіп төндірмеңдер
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы еуропалықтарға: «Иран ұлтының төзімділігінің шегі бар, еуропалықтар мұнай мен қауіпсіздікпен өмір сүреді, олар сақ болып, өздеріне қауіп төндірмеуі керек»,- деп ескерту жасады.
Генерал-майор Хұсейн Салами кеше (дүйсенбі), Абадан қаласындағы «Рахиан нур» керуендерінің конференциясында: «Бүгінгі жаудың ұлтқа, дінге, революцияға, жүйеге бұрынғыдан басқаша қарсы тұруына тап болдық»,- деді.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сақшылар корпусы бас қолбасшысы: «Еуропа Парсы шығанағынан мұнай алып жатыр, оның қауіпсіздігін ИИР қамтамасыз етеді. Еуропа Иран халқына қарсы экономикалық санкциялардың бастаушысы болып табылады. Бізге де қолда бар экономикалық құралдар арқылы оларға қарсы үлкен экономикалық шайқасты бастауға болар еді, бұл шайқасқа олар шыдай алмайды»,- деп мәлімдеді.