Иран халықаралық гуманитарлық мекемелермен ынтымақтастығын жалғастыру мен нығайтуды қуаттады
Халықаралық гуманитарлық ұйымдардың басшылары Амир Абдуллахианмен кездесуінде ИИР үкіметінің осы ұйымдармен ынтымақтастығын жоғары бағалай отырып, осы ынтымақтастықтарды жалғастыру және нығайту қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Женевада босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар, Халықаралық миграция ұйымы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті және БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің басшылары және жоғары лауазымды тұлғаларымен бесжақты кездесіп, сөйлесті. Иран Сыртқы істер министрі Ауғанстанның әсіресе соңғы бір жарым жылдағы саяси және әлеуметтік жағдайына тоқталып: «Бұл жағдай Иранға ауғандық иммигранттар толқынының рекордтық төмен өсуіне себеп болды»,- деді. Амир Абдуллахиан Иранның соңғы қырық жыл ішінде бірнеше миллион ауғандық босқындарды қабылдағанын атап өтіп: «Алайда, өкінішке орай, Иранға халықаралық қолдау орынды болмады және бұл мәселеде Иранға өте аз көмек бөлінді. Жаңа гуманитарлық дағдарыстар Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелер және оның көршілес елдерге тигізетін салдары сияқты бұрынғы жағдайларды ұмытылуына әкелмеуі керек»,- деп сөзін жалғады.