Бригада генералы Аштиани: Иран аймақта өтіп жатқан әскери жаттығуларды жіті бақылап отыр
(last modified Thu, 02 Mar 2023 11:43:49 GMT )
Нау 02, 2023 17:43 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Аштиани: Иран аймақта өтіп жатқан әскери жаттығуларды жіті бақылап отыр

Иран Қорғаныс министрі аймақта өткен әскери жаттығулар туралы: "Иран аймақта өткен әскери жаттығуларды жіті бақылап отыр, бірақ олардан ешбір қауіп байқамады",-деді.

АҚШ армиясы Теңіз күштерінің орталық басқару штабы сейсенбі күні таңертең 50 елдің, соның ішінде Сауд Арабиясы, БАӘ мен Мысырдың қатысуымен бірлескен әскери жаттығу басталғанын хабарлап, өз мәлімдемесінде: "Бұл әскери жаттығу  Иранның оңтүстік сулары, Араб теңізі, Қызыл теңіз, Оман теңізі, Үнді мұхиты және Африканың шығыс жағалауында өтеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Мұхаммедреза Аштиани үкімет жиналысы аясында АҚШ пен аймақтағы басқа бірқатар елдердің әскери жаттығу өткізудегі мақсатын АҚШ күштеріне рух беру деп атады.

Бригада генералы Аштиани: "Иран бұл әскери жаттығудан қауіп көрмейді. Бірақ әрдайым қырағылық сақтап, дайындығын түзеп, тиісті бақылауын жасап отыр",-деді.