Раиси: Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі қызметі саяси күштердің мақсаттарының көлеңкесінде қалмауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i68114-Раиси_Атом_Қуаты_Халықаралық_Агенттігі_қызметі_саяси_күштердің_мақсаттарының_көлеңкесінде_қалмауы_керек
ИИР Президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттерінің шындығын және Ислам Республикасының кәсіби мінез-құлық пен бейтараптық қағидасын сақтайтын заңдарды ұстануын білдіретініне үміт білдірді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 05, 2023 11:40 Asia/Almaty

ИИР Президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттерінің шындығын және Ислам Республикасының кәсіби мінез-құлық пен бейтараптық қағидасын сақтайтын заңдарды ұстануын білдіретініне үміт білдірді.

Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси  сенбі күні АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесуінде Иранның Агенттікпен кең ауқымды ынтымақтастық тарихына тоқталып, осы ұйымның ресми тұлғаларының Теһранға сапарын ИИР-ның Агенттікпен сындарлы ынтымақтастыққа деген берік ерік-жігерінің белгісі деп бағалады.

Раиси ядролық білімді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада адамдардың өмірінің игілігі үшін пайдалану қажеттілігін түсіндіріп: «Кейбір елдер және олардың басында тұрған   АҚШ пен сионистік режим ядролық мәселені Иран халқына көбірек қысым көрсету үшін сылтау ретінде пайдаланды, өйткені Израиль режимі тіпті АҚХА-не мүше болған жоқ және және оның ережелеріне сәйкес әрекет етпейді»,- деді.

Рафаэль Гросси де Иранға сапары мен әсіресе ИИР Президентімен кездесуіне ризалығын білдіріп, Иран мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты ұзақ және оңды деп тауып: «Бұл процесті жалғастыру екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында үздіксіз және жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты қажет етеді»,- деп айтты.