Каспиан айлағында тауар тиеу және түсіру операциялары 79 пайызға өсті
Иранның солтүстігіндегі Гилан облысында орналасқан Анзали еркін аймағының атқарушы директоры Каспиан айлағында тауар тиеу және түсіру операциялары 79 пайызға өскенін хабарлады.
Анзали еркін аймағының атқарушы директоры Иса Фархади жексенбі күні: "Биыл Каспиан айлағында 486 мың тонна жүк тиеліп-түсірілді. Былтырмен салыстырғанда 79 пайызға өсті",-деді.
Иса Фархади биыл Каспиан айлағына 19 отандық кеме келіп, 9 кеме кеткенін хабарлап: "Осы аралықта айлаққа 101 шетелдік кеме келіп, 41 кеме кетті",-деді.
Анзали еркін аймағының атқарушы директоры: "Осы аймақтың экспорттық көлемі – 263 мың тонна. Құны – 252 млн доллар. Былтырмен салыстырғанда құн тұрғысынан 19 пайызға өскен. Осы айлақ арқылы елге құны 1235 млн доллар тұратын 287 мың тонна тауар импортталды. Былтырмен салыстырғанда 33 пайызға өсті",-деді.