Иран емшек безінің обасын емдеу үшін жаңа дәрі-дәрмек өндіріп, жаңа жабдықтар жасады
Иранның шәһид Бехешти атындағы университеттің медицина факультетінің обаны зерттеу орталығының директоры емшек безінің обасын емдеу үшін жаңа дәрі-дәрмек өндіріліп, жаңа жабдықтар жасалғанын хабарлады.
Мұхаммед Исмаил Акбари: "Шәһид Бехешти атындағы университеттің обаны зерттеу орталығының мамандары Теһран университетінің электроника факультетімен әріптесе отырып, емшек безінің обасын емдеу үшін жаңа отандық жабдықтар жасады",-деді.
Акбари: "Ирандық мамандар емшек безінің обасын емдеу үшін жаңа отандық жабдықтар жасаумен қоса, ең аз зарармен кеудеге ота жасаудың түрлі жолдарын ойлап тауып, халықаралық деңгейде ғылыми контент өндіре алды",-деді.
Шәһид Бехешти атындағы университеттің медицина факультетінің обаны зерттеу орталығының директоры: "Бұл орталық Иранның Атом қуаты ұйымымен бірлесе отырып, обалардың түр-түрін емдеуге әсерлі өте жақсы дәрілер өндірді",-деді.
Акбари: "Алғаш рет Иранда суық плазма өндірілді. Әлемде ол өте сирек кездеседі",-деп еске алды.