Ислам революциясының жетекшісі: Оқушылардың улану тақырыбы – үлкен қылмыс
(last modified Mon, 06 Mar 2023 14:53:26 GMT )
Нау 06, 2023 20:53 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Иранда оқушылардың улану тақырыбын елеусіз қалдыруға болмайтын үлкен қылмыс деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи үш көшет еккеннен кейін оқушылардың улану тақырыбына тоқталып, жауапты тұлғалар, қауіпсіздік және тәртіп күштерінің бұл мәселені терең тексеруі керегін айтып: "Бұл бір елеусіз қалдыруға болмайтын үлкен қылмыс. Егер бұл оқиғаға қатысты адамдар анықталса, қатаң жазалансын",-деді.

Аятолла Хаменеи бұл тақырыпты қоғамның бейкүнә мүшелері, яғни балаларға жасалған қылмыс деп атап, қоғамда психологиялық тынышсыздық және жанұяларда алаңдаушылық тудырғанын айтып: "Егер осы қылмысты жасағандар анықталып, сотталса, ешқандай кешірім жасалмайды. Өйткені олар басқаларға ғибрат болуы үшін ең қатаң жазаға тартылады",-деп еске салды.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Ағаш егу күніне орай биыл "Әр ирандық үш көшет ексін" деген ұранмен үш көшет егуінің себебіне тоқталып: "Егер таңдалған ұранға сай әрбір ирандық үш көшет ексе, үкіметтің 1402 жылдан бастап 1 млрд көшет егу туралы бағдарламасы төрт жылдың ішінде орындалады",-деді.

Аятолла Хаменеи қоршаған ортаны қорғауда ағаш егудің маңыздылығына тоқталып, халықтың көмегімен 1 млрд көшет егуге болатынын айтып: "Мамандар мен сарапшылардың кеңесі бойынша, жеміс ағаштарымен қоса, орман ағаштарын да егу керек. Өйткені ағаш саудасы елдің экономикасына айтарлықтай әсер етеді",-деді.