Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары АҚШ-қа ескерту жасады
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары: «Егер АҚШ Иранға қоқан-лоққы жасағысы келсе, ИИР Ормуз бұғазынан америкалық кемелерді өткізбейді»,- деді.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами сейсенбі күні Иранның 1-ші телеарнасына берген сұхбатында: «1982 жылғы теңізге қатысты конвенция бойынша, егер америкалықтар мен олардың аймақтық одақтастары Ормуз бұғазын пайдаланып, Иранға қоқан-лоққы көрсеткісі келсе, Теһран олардың ешбір кемелері мен қайықтарына бұғаздан өтуге рұқсат бермейді. Ислам революциясының Сақшылар корпусы ИИР-ның дұшпандарына, әсіресе АҚШ-қа өткеннің қателерін қайталамай, тарихтан ғибрат алуға кеңес береді. Құрлық, әуе және теңіз жаттығуларын өткізу Иранның заңды құқығы. Теһран ешбір мемлекетке Иранның қорғаныс әрекеттері мен жаттығулары туралы шешім қабылдауға рұқсат етпейді»,- деп баса айтты.