Сардар Тангсири: Сақшылар корпусы кемелерінің жылдамдығы 200 км-ға дейін жетеді
https://itolqyn.com/news/iran-i68318
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы "Зулфақар" кемесінің 25 км қашыққа ұшатын 4 "Навваб" зымыранын тасымалдайтынын айтып: "Болашақта Сақшылар корпусы кемелерінің жылдамдығы сағатына 200 км-ге дейін жететін болады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 14, 2023 20:01 Asia/Almaty
  • Сардар Тангсири: Сақшылар корпусы кемелерінің жылдамдығы 200 км-ға дейін жетеді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы "Зулфақар" кемесінің 25 км қашыққа ұшатын 4 "Навваб" зымыранын тасымалдайтынын айтып: "Болашақта Сақшылар корпусы кемелерінің жылдамдығы сағатына 200 км-ге дейін жететін болады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Әлиреза Тангсири дүйсенбі күні: "Шәһид Солеймани" типіне жататын басқа екі кеме салынып жатыр. Олардың бірі шәһид Хасан Бағери, екіншісі шәһид Сайяд Ширази атымен аталады",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Шәһид Бағери кемесі 150 км қашықтықтағы дұшпан ұшақтарына төтеп бере алады",-деді.

Сардар Тангсири жуырда теңіз флотына қосылған шәһид Махдави кемесі туралы: "Шәһид Махдави кемесінде вертикалды ұшатын және өздігінен жарылатын түрлі дрондар орналастырылған. Олардың ұшу ұзақтығы 1300 км-ге дейін жетеді",-деді.