Раиси: Дұшпандар түрлі құралдармен қоғамдарға заманауи жәһілдікке жататын ойлар мен қатынасты таратқысы келеді
ИИР Президенті: "Дұшпандар түрлі құралдармен қоғамға заманауи жәһілдікке жататын ойлар мен қатынасты таратуды көздеп отырған кезде шәһидтердің таза қаны қоғамды жәһілдіктен тазартады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Шәһид күніне орай Салман Фарси мешітінде шәһидтердің жанұяларының қатысуымен өткен рәсімде: "Шәһид күні шәһидтердің есімдері, жолы мен мақсат-мұраттарын тағы бір еске салатындықтан маңызды",-деді.
Раиси Иранның кейбір қалаларында кейінгі кезде болған бүліктерді Иран халқының дамуын тоқтатуды мақсат еткен дұшпанның ақпараттық, экономикалық және когнитивті соғысы деп атап: "ИИР-дың 44 жылдық тәжірибесі көрсеткендей, Иран халқына жауласқан дұшпандар осы күнге дейін еш нәтижеге жетпеді, бұдан кейін де жетпейді. Өйткені Иран халқы түрлі салаларға салынған санкциялар мен қысымдарға қарамастан мақтан тұтарлық жетістіктерге қол жеткізді",-деді.