Нау 21, 2023 09:47 Asia/Almaty

ИИР Президенті 1402 жылғы үкіметтің негізгі жоспарының тұрақты экономикалық өсумен бірге инфляцияны бақылауға алу екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси Иран халқына арнаған Наурыз мерекесі  жолдауында 1402 жылдың басталуымен және Наурыздың қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келуімен құттықтап: «Өткен 1401 жыл ащы да, тұщы да оқиғаларға толы, құлдыраулары мен шарықтаулары болған жыл болды. Бірақ бір сөйлеммен айтайын десем, 1401 жыл Иран халқының билігі мен ерлігінің және шешуші салалардағы жарқырауының жылы болды.  Жаңа жылда үкіметтегі қызметшілеріңіздің  халықтың әл-ауқатын жақсарту, жемқорлықпен күресу, инфляцияны тоқтату, өндірісті нығайтып, халықты жұмыспен қамтуды арттыру сияқты уәделерін орындау жолындағы талпыныстары тынымсыз, тәулік бойы болады»,- деді. Ол сөзінің жалғасында сыртқы саясат саласында үкіметтің көзқарасы әуел бастан «теңдестірілген дипломатия» және «көршілес саясат пен аймақшылдықты жаңғырту» екенін айтып: «1401 жыл осы саясаттың жүзеге асырылған жылы болды. Әрине, біздің жоспарларымыз бен сапарларымыз осы шеңберде 1400-ші жылдың шахриварынан басталды, бірақ оның нәтижесі халқымызға 1401 жылы белгілі болды»,- деді. Раиси жаңа дүние мен жаңа тәртіпте кешігудің елдің рөлі мен орнын жоғалтуына себеп болатынына назар аударып: «Иранның аймақтағы орны стратегиялық және бірегей»,- деп айтты. Ол жаңа әлемдік тәртіптің маңызды белгілерінің бірі ретінде биліктің Азия континентіне ауысуы деп тауып: «Американың әлемдегі рөлі мен гегемониясы төмендеп келеді»,- деп мәлімдеді.

Раиси: «Үкіметтің жаңа жылдағы стратегиялық жоспарларының арасында    Иранның бірегей әрі стратегиялық жағдайын пайдаланып, «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарын белсендіру және жаңа тәртіпте Иранның ұлы халық деңгейіндегі ұстанымға қол жеткізу»,- деп сөзін жалғады.