Нау 21, 2023 10:49 Asia/Almaty

Наурыз мейрамын тойлайтын 12 елдің елшілері мен өкілдері дүйсенбі күні кешке Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ИИР өкілі Амир Саид Ирвани жайған «Хафт Син» дастарханына жиналып, Наурыз мерекесімен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 2010 жылы Иран Ислам Республикасы мен Наурызды тойлайтын   11 елдің бастамасымен бекітілген БҰҰ Бас Ассамблеясының 253/64 қарары әр жылдың 21 наурызын, сәйкесінше 1 фарвардинді   Халықаралық Наурыз күні деп атап, бұл елдерді Наурыз туралы хабардарлықты арттыруға күш салуды және осы күнді атап өту үшін жыл сайынғы рәсімдерді өткізуге шақырды. Бұл қарарда былай делінген: «Наурызды дүние жүзінде 300 миллионнан астам адам Жаңа жылдың басы ретінде тойлайды.  Үш мың жылдан астам уақыттан бері Балқан, Қара теңіз, Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс және басқа да аймақтардың халқы бұл күнді тойлап келеді».