Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысатын болды
https://itolqyn.com/news/iran-i68490
Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы Азия ұлттар кубогында Бахрейнді 10:0 есебімен жеңіп, 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысатын болды

Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы Азия ұлттар кубогында Бахрейнді 10:0 есебімен жеңіп, 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын болды.

Азия ұлттары кубогының ширек финалдық кезеңінде Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы Тайландта Бахрейнмен кездесті. 10-0 есебімен ол осы жарыстың жартылай финалына шығып, 2023 жылы БАӘ әлем чемпионатының квотасын жеңіп алды. Иранның ұлттық құрамасы сенбі күні осы турнирдің жартылай финалдық кезеңінде Оман-Қытай кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы осы уақытқа дейін екі рет Азия ұлттары кубогын жеңіп алды және соңғы рет бұл атаққа 2017 жылы қол жеткізген болатын.