Нау 24, 2023 10:50 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Батыстағы жүйелі түрде антиисламизм мен исламофобия өшпенділік пен ашық зорлық-зомбылықты таратудың нәтижесі болып табылады»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Насер Канани  кеше (бейсенбі) Англияның Бирмингем қаласында мешіттен шығып бара жатқан қарияның өртеніп кетуіне сілтеме жасап, твиттерде былай деп жазды: «Англияның Бирмингем қаласында мешіттен шыққан қарт мұсылманның көшеде және жұртшылық алдында өртенуі жан түршігерлік және шектен шыққан оқиға»,- деп жазды. Канани: «Бұл айуандық әрекетті зерттеп, оның нәтижелерін жариялау Ұлыбритания үкіметінің тікелей жауапкершілігі»,- деп мәлімдеді.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Әрине, британ полициясындағы институттандырылған нәсілшілдік туралы соңғы жарияланған хабарлар да шынайырақ және ойлануға тұрарлық»,- деп баса айтты.

Тегтер