Иран әлемде автомобиль өндірісінің өсімі бойынша алтыншы орында
Нау 26, 2023 18:25 Asia/Almaty
Автокөлік өндірушілерінің халықаралық ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, Иран 2022 жылы өндіріс өсімі бойынша 24 ірі көлік өндіруші елдің арасында әлемде алтыншы орынға ие болды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Автокөлік өндірушілерінің халықаралық ұйымы 2022 жылы Иранның автокөлік өндірісі 19 пайызға өскенін хабарлады. Осы есеп бойынша Иран 2022 жылы 1 064 000 көлік шығарса, алдыңғы жылы Иранда 894 000 көлік шығарылған. 2022 жылы Иранның автокөлік өндірісінің 19 пайыздық өсімі Американың автокөлік өндірісінің шамамен екі есе өсімін және Францияның автомобиль өндірісінің 9 есе өсімін құрайды. 2022 жылы автомобиль өндірісі Америкада 10%, Францияда 2% өсті.
Тегтер