Нау 27, 2023 19:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Теһран үкіметінің теңгерімді сыртқы саясаты мен динамикалық дипломатиясы дұрыс бағытта жүзеге асып жатыр

ИИР Сыртқы істер министрі: "Теһран үкіметінің теңгерімді сыртқы саясаты мен динамикалық дипломатиясы дұрыс бағытта жүзеге асып жатыр",-деді.

Амир Абдуллахиан бүгін, дүйсенбі Твиттердегі жеке парақшасында кейінгі күндерде түрлі елдердегі өз әріптестерімен телефон арқылы кеңескенін айтып: "Соңғы күндері Аустрия, Аустралия, Оман, Катар, Кувейт, Түркия, БАӘ, Швейцария, Пәкістан, Малайзия, Сауд Арабиясы, Ливия мен Сирия Сыртқы істер министрлерімен кеңесіп, пікір алмастым",-деп жазды.  

Амир Абдуллахиан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, сұхбаттасу үшін жуырда Мәскеуге баратынын айтты.

Амир Абдуллахиан 2023 жылы 29 наурызда Мәскеуге барып, өзінің орыс әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, сұхбаттасады деп күтілуде.

Тегтер