Нау 28, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады

Иран Президенті: "Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады ",-деп мәлімдеді.

Ибрахим Раиси дүйсенбі күні халықтық үкімет басшыларының форумында елдің ішкі саясатының ішкі әлеуеттерге сүйенгенін, ал сыртқы саясатының барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделгенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси: "Барлық елдермен барабар жағдайда әріптеседі. Алайда ешқашан елдегі мәселелерді бірнеше елдің қас-қабағымен байланыстырмайды. Бүгінде ИИР-мен әрекеттескісі келетін кез келген елге жағдай жасалған",-деді.  

Иран Президенті: "Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, жаңа жылда жаңа рух пен өзгерген көзқарасқа зәруміз",-деді.

Раиси: "Көптеген жолдар ашылды. Дұшпандардың қарсылығына қарамастан, тағы бірқатар жол ашылады",-деді.

Тегтер