Раиси: Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады
https://itolqyn.com/news/iran-i68612-Раиси_Иран_барлық_елдермен_қарым_қатынаста_тепе_теңдік_сақтауға_негізделген_сыртқы_саясат_ұстанады
Иран Президенті: "Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады ",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады

Иран Президенті: "Иран барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделген сыртқы саясат ұстанады ",-деп мәлімдеді.

Ибрахим Раиси дүйсенбі күні халықтық үкімет басшыларының форумында елдің ішкі саясатының ішкі әлеуеттерге сүйенгенін, ал сыртқы саясатының барлық елдермен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауға негізделгенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси: "Барлық елдермен барабар жағдайда әріптеседі. Алайда ешқашан елдегі мәселелерді бірнеше елдің қас-қабағымен байланыстырмайды. Бүгінде ИИР-мен әрекеттескісі келетін кез келген елге жағдай жасалған",-деді.  

Иран Президенті: "Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, жаңа жылда жаңа рух пен өзгерген көзқарасқа зәруміз",-деді.

Раиси: "Көптеген жолдар ашылды. Дұшпандардың қарсылығына қарамастан, тағы бірқатар жол ашылады",-деді.