Нау 29, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • Иран анықталған мыс кені бойынша әлемде бесінші орында

Иранның ұлттық мыс компаниясының бас директоры елдің анықталған мыс кені бойынша әлемде бесінші орында екенін хабарлады.

Әли Рустами елдегі мыс қорына тоқталып: "Иран қазіргі таңда 19 млрд тонна анықталған мыс кеніне ие болғандықтан әлемде бесінші орында тұр",-деді.

Иранның ұлттық мыс компаниясы бас директорының айтуынша, Иранда 200 жылға жетерлік анықталған мыс қоры бар.  

Осы есеп бойынша, бұл тек барланған мыс кенінің 7 пайызының нәтижесі болып отыр. 2023 жылы барлау жұмыстарын дамыта түсу жоспарланған. Иранның көптеген облыстарында мыс қорын анықтау мүмкіндігі бар.

Тегтер