Урумие көлі – Әзірбайжанның асыл тасы
Нау 30, 2023 15:32 Asia/Almaty
Наурыз демалыстары басталғаннан кейін Урумие көлінде үміт пен өмір толқыны қайта пайда болды. Көл бетінде қайықпен жүзу Наурыз туристері мен жолаушылары үшін шаттық пен қуаныш сыйлайды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс пен Батыс Әзірбайжан облыстарындағы Наурыз туристері Урумие көлін демалыс кезіндегі басты бағыт ретінде таңдайды.
Канисиб бөгетінен Урумие көліне қарай су туннелі іске қосылғаннан кейін көлдің су деңгейі көтерілді. Әзірбайжанның көгілдір көлі осы күндері көптеген туристерді қабылдап жатыр.
Тегтер