Наурыз демалыстарына орай Теһранның Азади алаңында түрлі ұлттардың мәдениеті таныстырылып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i68662
Наурыз демалыстарына орай Теһранның Азади алаңында Иранда өмір сүретін түрлі ұлттардың фестивалі өтіп жатыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 30, 2023 19:09 Asia/Almaty

Наурыз демалыстарына орай Теһранның Азади алаңында Иранда өмір сүретін түрлі ұлттардың фестивалі өтіп жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көшпелі тайпалардың қара шатырын тігу, қолөнер бұйымдары көрмесін ұйымдастыру, ұлттық әндерді орындау, түрлі ұлттардың өнері мен мәдениетін таныстыру – "Ирандағы көктем ауылы" фестивалі аясында өтіп жатқан бағдарламалар.

Теһран қаласының тұрғындары мен Наурыз туристері астанаға сапар барысында ирандықтардың ұлттық болмысының символы саналатын Азади алаңында түрлі ұлттар фестивалін тамашалап, ерекше ықылас білдіріп жатыр.