12 фарвардин – Иран Ислам республикасының күні
(last modified Sat, 01 Apr 2023 13:41:24 GMT )
Сәу 01, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • 12 фарвардин – Иран Ислам республикасының күні

Бүгін, сенбі Иранда "Ислам республикасы" күні аталып өтті. Бұл күн Иран халқының ислам дінін ұлықтап, өз тағдырын анықтаудағы талап-тілегінің шынайы көрінісі болды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хомейни (р.) бастаған Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін 1979 жылы 1 сәуірде Иранда жалпыхалықтық референдум өтті. Соның нәтижесінде дауыс берушілердің 98 пайызынан астамы Ислам республикасының жариялануына оң дауыс берді. Сол себепті 12 фарвардин (1 сәуір) Иран күнтізбесінде Ислам республикасы күні деп аталған.

Иран халқы 1979 жылғы тағдыршешті референдумға жаппай қатысып, бүкіл әлемге бөгделердің Иранның ішкі ісіне араласып, шешім қабылдау кезеңінің аяқталғанын көрсетті. Бұл ИИР жүйесі тарихындағы алғашқы сайлау болатын.