Лариджани: Палестина халқын қорғау – діни міндет
(last modified Sun, 14 Feb 2016 08:59:21 GMT )
Ақп 14, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Лариджани: Палестина халқын қорғау – діни міндет

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Иран Палестина халқын қорғауды өзінің діни міндеті санайды»,-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда палестиналық топтардың бірқатар мүшелерімен кездесіп: «Палестинаға қолдау көрсету үшін ислам елдерінің ауызбіршілігі қажет»,-деп қуаттады.

Лариджани Палестина мәселесінің ИИР-да маңызды әрі көңіл аударылатын тақырыптардың бірі екенін айтып: «Иран халқы мен жауапты тұлғалары діни міндет ретінде Палестина халқын қорғайды»,-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестинаға қолдау көрсету үшін Ислам елдерінің ауызбіршілігі қажеттігін баса айтып: «Палестинаны қорғау мәселесі – Ирандағы өзекті тақырып. ИИР-дағы барлық партиялар мен топтар осы мәселеге қатысты ортақ пікірге ие»,-деді.

Палестиналық делегацияның басшысы да ИИР-ның халқы мен басшыларының Палестина халқын қорғауға қатысты ұстанымы мен атқарып жатқан шараларына ризалық білдіріп: «Иранның Палестина халқының ең ірі демеушісі екендігі айқын. Ол соңғы 37 жылда Палестинаның арман-мақсаттарын қолдады»,-деді.