Сақшылар корпусының су жаңа ұшқышсыз ұшағының суреті жарияланды
https://itolqyn.com/news/iran-i68926
Ислам революциясы Сақшылар корпусының су жаңа "Миғраж-532" өздігінен жарылатын ұшқышсыз ұшағының (дрон-камикадзе) суреттері жарияланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 09, 2023 23:39 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының су жаңа "Миғраж-532" өздігінен жарылатын ұшқышсыз ұшағының (дрон-камикадзе) суреттері жарияланды.

"Миғраж-532" Сақшылар корпусы құрлық күштерінің өздігінен жарылатын ұшқышсыз ұшақтары легіне жатады. Ұшу ұзақтығы – 450 км. 12 000 метр биіктікте 3 сағат ұшып, көзделген объектіні жоғары дәлдікпен жоюға қабілетті.

Сақшылар корпусы құрлық күштерінің Өзін-өзі қамтамасыз ету ұйымы осы күнге дейін анықтайтын, шабуылдайтын және өздігінен жарылатын ұшқышсыз ұшақтардың түр-түрін жобалап-құрастыруда үлкен қадамдар жасап, осы корпусты қамтамасыз етіп келеді.

Екі жыл бұрын Сақшылар корпусының екі жетістігі – "Миғраж-504" және "Миғраж-113" камикадзе дрондары таныстырылған болатын.