ИИР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы сионистік режим армиясының штаб басшысының сөздеріне жауап берді
(last modified Mon, 10 Apr 2023 12:06:10 GMT )
Сәу 10, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • ИИР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы сионистік режим армиясының штаб басшысының сөздеріне жауап берді

ИИР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы сионистік режим армиясының штаб басшысының сөздеріне реакциясында: "Сионистік режим 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезіндегі бір операцияның масштабындай ғана көлемге ие",-деді.

ИИР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Абдурахим Мусави сионистік режим армиясының штаб басшысының "Израиль АҚШ-тың көмегінсіз Иранға шабуыл жасай алады" деген сөздеріне реакциясында: "Бұл сөздер сионистік режим әскерилерінің рухын көтеру және ішкі қиыншылықтарды еңсеру мақсатында айтылған",-деді.  

Генерал-майор Мусави: "Құлау алдында тұрған сионистік режим ИИР-ға қоқан-лоқы жасайтын жағдайда емес. Режим басшыларының ойланбай істеген әрекеттері тек оның құлау үдерісін тездетеді",-деді.