Иранның түкпір-түкпірінде халық Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне жаппай қатысты
(last modified Fri, 14 Apr 2023 12:05:39 GMT )
Сәу 14, 2023 18:05 Asia/Almaty

Исламдық Иран халқының Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне жаппай қатысуы езілген Палестина халқын қолдау үшін мұсылмандардың жанашырлығы мен ынтымақтастығының ерекше көріністерін көрсетті. 

Бүгін, жұма, 2023 жылдың 14 сәуірі (1402 жылдың 25 фарвардин) 1444  жылғы Рамазан айының 23-і Халықаралық Құдс күнімен сәйкес келеді.

Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) бастамасымен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды.

ИИР әлемдегі езілген халықтарды қолдаудың көшбасшысы ретінде зорлық-зомбылық көрген Палестина халқын қолдауды негізгі мәселе ретінде қарастыруды жалғастырып, палестиналықтардың және осы жердің бастапқы иелерінің өзін-өзі анықтау принципіне баса назар аударады. Исламдық Иранның 2 мыңнан астам қаласы мен ауылында Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеру өтті. Шеруге мұсылман және ораза ұстаушы  халықтан басқа діни жетекшілерімен бірге илаһи діндерді ұстанушылар тобы да (армяндар, ассириялықтар және зороастриттер) қатысты.

Құдс күні шеруін 4000-нан астам отандық және шетелдік тілшілер, фотографтар мен бейнеоператорлар көрсетеді. Олардың ішінде 150-і шетелдік БАҚ өкілдерінен.