Қалибаф: Құдс күні сионистік режимнің қылмыстық бетінен масканы алып тастады
(last modified Fri, 14 Apr 2023 12:08:15 GMT )
Сәу 14, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Құдс күні сионистік режимнің қылмыстық бетінен масканы алып тастады

Ислам Кеңес Мәжілісінің төрағасы Теһрандағы Дүниежүзілік Құдс күні рәсімінде сөйлеген сөзінде Құдс күнінің сионистік қылмыскердің бетінен масканы алып тастағанына тоқталып: «Бүгінде Палестина ислам құндылықтарын қорғайтын орталыққа айналды»,- деді.

Иран Ислам Кеңес Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф: «Бүгін Палестина жерінде палестиналық моджахедтер Израильдің қылмыстарына пассивті емес, белсенді түрде қарсы тұрды және бұрын таспен қарсыласса, бүгін зымыранмен қарсыласуда»,- деп мәлімдеді. Ол «Құдс күні біздің табысқа, ілгерілеуге және бірлігімізге апаратын жолдың қарсыласу және ілгерілеу жолы екенін көрсетті» деп: «Бүгінде Палестина ислам құндылықтарын қорғайтын орталыққа айналды. Имам Хомейни (р.а.) Рамазан айының соңғы жұмасын қасиетті күн деп атау арқылы Палестина мәселесін жаһандық етіп, оны тиімді әрі күшті саяси дәстүрге айналдырды. Құдс күнімен және Ислам үмбетінің сахнаға шығуымен  қылмыскер, бала өлтіруші, өмірге қауіп төндіретін және заңсыз сионистік режимнің бетінен маска алынып тасталды»,- деп баса айтты.