Ислам революциясының жетекшісі елдің жауапты тұлғаларымен кездесуінде баяндама жасады
Ислам революциясының жетекшісі ислам үмбетінің ең маңызды міндетін АҚШ бастаған жәһилият ағымымен күресу деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа таңдалған күнінің жылдығында жүйенің жауапты тұлғалары мен Ирандағы Ислам елдерінің елшілері және шәһидтердің жанұяларының бір тобымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «ИИР пайғамбарлық ағымының алдыңғы шебіндегі ел ретінде алпауыт елдерден қорықпастан өз жолын жалғастыра береді»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі ислам үмбеті мен Иранның ұлы қозғалысы және исламдық оянудың негізгі тамырын озбыр сионистік ағымның басқаруымен күресу деп атап: «Сондықтан да бүгінде «исламмен күресу», «Ираннан үркіту» мен «шиіттерден үркіту» АҚШ пен сол елге бағынышты мемлекеттердің кесімді саясаттарының қатарын құрап отыр»,-деп сөзін жалғады.
Аятолла Хаменеи Иран халқы мен ислам халықтарының алпауыттардың іріткі салу әрекетттеріне қарсы қырағылығы мен хабардарлығын олардың ашу-ызасының негізгі факторы деп атап: «Иран АҚШ-тың аймақтағы саясаттарына қарсы болғандықтан санкцияға ұшырайды, өйткені олар Иранды өздерінің аймақтағы шектен тыс талап етуші саясаттарына кедергі деп санайды»,-деп баса айтты.