Иранда су жаңа "Top Attack" зымыраны сынақтан сәтті өтті
Сәу 15, 2023 22:29 Asia/Almaty
Сақшылар корпусының құрлық күштері су жаңа "Top Attack" зымыранын сынақтан сәтті өткізді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері сауытты көліктерге қарсы "Садид-365" зымыраны мен су жаңа "Top Attack" зымыранын сынақтан сәтті өткізді.
Қашықтан басқарылатын "Садид-365" зымыраны 8 км қашықтыққа ұшып, түрлі сауытты көліктерді жоя алады.
Оптикалық бағыттағышқа ие бұл зымыран нысанаға дөп тиюге қабілетті. Ол жоғарыдан шабуыл жасау (Top Attack) арқылы танкілердің қорғаныс жүйесінен өтіп, оларды жоя алады.
Тегтер