Сәу 19, 2023 09:26 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі: «Дұшпандардың қалауына қарамастан, студенттер қауымы Иран қоғамының санасы мен болмысындағы өзгерістерді, одан кейін әлемнің ақыл-ойы мен шындығындағы өзгерістерді өз көзқарастары мен талпыныстарының ұзақ мерзімді көкжиегіне қоюы керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні түрлі студенттік ұйымдардың мыңнан астам мүшелері және белсенділерімен кездесуде  студенттер мен олардың іс-әрекеті мен талаптарын ел үшін мүмкіндік және құндылық деп атады және студенттер мен студенттік топтардың   негіздерін мықтау қажеттілігін қуаттап, әділетті білім негіздерінің бірі деп көрсетіп: «Әділдіктің маңызды мәселесі – теңсіздікті жою»,- деп айтты. Ол білімнің басқа бір негіз - еркіндік туралы: «Исламның көзқарасы бойынша материалдық негіздер мен талаптардан шығу бостандық категориясының ең маңызды бөлігі болып табылады. Ол ілгерілеуге, жақсылыққа жол ашады және тоқыраудан, артта қалудан, жүйкеліктен, ашудан, алпауыт державалардан, диктаторлардан және басқа шектеулерден азат етеді»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи студенттік белсенділер жиынындағы сөзін жалғастырып, студенттердің әрекеттерін қауіп деп санайтындарға қарсылығын білдіріп: «Менің нақты да нақты пікірім: студент, оның белсенділігі мен талабы, ел мәселесіне деген жауапкершілік сезімі, мәселелерді шешуге деген ынтасы мен құштарлығы және қоғамдық оқиғалар мен саяси оқиғаларға қызу қатысуы – мүмкіндік пен құндылық»,- деп қуаттады. Діни жетекші студенттік қоғамды және елді екі полюске бөлу әрекеттер мен шындыққа жанаспайтын көзқарас пен ғылыми-практикалық шешімін таппаған талаптарды студенттік іс-әрекеттің зиянкестерінің қатарына жатқызып, асығыстық, келеңсіз тұстарға шоғырлану және жарқын тұстарын елемеу, шапшаңдық, жергілікті проблемаларды ұлттық мәселеге айналдыру, виртуалды кеңістікте көзге түсу және оған батып кету мақсатымен жасалған әрекеттер студенттік әрекеттің басқа зиянкестері ретінде қарастырды.

Аятолла Хаменеи дұшпанның Иран халқын өзіне және өз мүмкіндіктеріне пессимизммен қарату стратегиясына сілтеме жасап: «Дегенмен, киберкеңістік - бұл шындық, бірақ кейбір адамдар киберкеңістіктегі жаңалықтар мен мақалалар мен талдаулардың тасқынын қабылдайды, негізінде олар осы кеңістікте және әлеуметтік желілерде дұрыс жаңалықтар мен талдауларды жариялауға тырысуы керек»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі азғын адамдардың қолымен теріс өзгерістер тудыру мүмкіндігіне назар аударып, жастарға тура жолға түсіп, діни, ғылыми, интеллектуалдық және ерікті негіздерін нығайту туралы ақыл-кеңес айтып: «Бұл мәселелерде өзін-өзі жетілдірумен айналысатын кез келген адам ертеңгі күні көбірек әсер ете алады»,- деп тоқталды.  Ол «студент» деген түсінікті білімге құштарлық, жастық, серпінділік, жаңашылдық пен жаңғыру, қайырымдылық сезімдер, сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздіктің жауы сияқты сипаттармен байланыстырды. Аятолла Хаменеи: «Студент үшін ең бастысы – интеллектуалдық іргетастың болуы. Оны күшейту керек, бұл басқа әрекеттерді жауып, тек ойлау мен оқумен айналысуды білдірмейді. Керісінше, студенттік белсенділіктермен қатар діни дереккөздермен, адамдармен және сенімді және терең ойшылдармен байланыста болуларың керек»,- деді.