Теһран мен Мәскеу Иран арқылы өтетін солтүстік-оңтүстік дәлізін аяқтауға дайындалуда
(last modified Wed, 19 Apr 2023 05:50:58 GMT )
Сәу 19, 2023 11:50 Asia/Almaty
  • Теһран мен Мәскеу Иран арқылы өтетін солтүстік-оңтүстік дәлізін аяқтауға дайындалуда

Иранның Ресейдегі елшісі Теһран мен Мәскеудің Иран жері арқылы өтетін солтүстік-оңтүстік дәлізінің үш бағытын аяқтау ерік-жігеріне тоқталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Казем Джалали» кеше сейсенбі күні Мәскеуде «Транс-Раша» деп аталатын Ресей көлік және логистикалық қызметтердің 27-ші халықаралық конференциясының қосымша отырысында: «Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің бөліктері өткен жылдардағы күш-жігерге қарамастан аяқталмай қалды, енді Теһран мен Мәскеу бұл бөліктерді аяқтауды қалайды. Джалали Иран бағытының шығыс дәлізінің бір бөлігінің Ресей, Қазақстан, Иранның шығысы арқылы өтіп, Парсы шығанағына дейін жететініне назар аударып: «Бұл бағыттағы жүктерді тасымалдауға негіз бар, бұл бағыттағы темір жол бөліктерін күшейту қажет, ол күн тәртібінде тұр»,- деді.