Ливан Хизболласының өткен тәуліктегі сионистік режимге қарсы сәтті әрекеттері
ParsToday- Ливан Хизболласы Израильдің тұрғын үйлер аумағына жасаған шабуылына жауап беріп, көптеген әрекеттерді сәтті іске асырды.
ParsToday-дың «Тасним» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ливан Хизболласы сейсенбі күні мәлімдеме шығарып: «Сионистік режимнің Бейруттің оңтүстігіндегі тұрғын үйлер аумағына жасаған шабуылына жауап беріп, Палестинаның басып алынған жерлерінің солтүстігіндегі және Голлан жоталарындағы Израильдің әскери нысандарына қарсы кең ауқымды шабуыл жасалды»,- деп жариялады.
Бұл әрекеттер кезінде сионистік режимнің басып алынған Голлан жоталарындағы «Равие» базасына зымырандық шабуыл жасалды.
Сондай-ақ, Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы: «Сейсенбі күні Джалиль Алодағы «Майан Барух» әскери орталығына зымырандық шабуыл жасалды. Кфар Шобада «Меркава» танкі жойылды. Хизболланың айтуынша, бұл қақтығыстарда жойылған үшінші танкі. Сонымен бірге Набатие кеңістігінде израильдік ұшқышсыз ұшағы құлатылды»,- деп хабарлады.