Сақшылар корпусы америкалық кемені зымыранмен нысанаға алды
ParsToday- Ислам революциясының Сақшылар корпусы қоғамдық қатынасы АҚШ-тың MST әскери қолдау кемесінің Сақшылар корпусы теңіз күштері зымырандарымен нысанаға алынғанын жариялады.
ParsToday-дың Иран Телераио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы мәлімдемесінде: «Иранның құрметті халқы, АҚШ-тың MST әскери қолдау кемесі Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің зымырандарымен нысанаға алынды»,- деп айтылды.
АҚШ армиясының басқа теңіз нысандары шабуылдың жалғасында Сақшылар корпусының зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарының нысанына алынады.
АҚШ пен сионситік режим сенбі 28 ақпанда БҰҰ Жарғысына қайшы және заңсыз түрде Иранға шабуыл жасады.
Шабуылдан кейін Ислам революциясының Сақшылар корпусы: «Дұшпанның ИИР-на қарсы агрессиясына жауап ретінде басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы Иранның зымырандық және ұшқышсыз ұшақ шабуылының бірінші кезеңі басталды»,- деп жариялады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі де АҚШ-тың арсыз режимі мен сионситік шіріген режиммен бірге Иранға қарсы әуе шабуылынан кейін: «ИИР қарулы күштері олардың сұм әрекеттеріне қатаң жауабын бастады»,- деп жариялады.