Иранның астанасы мен басқа бірнеше қаласына америкалық-сионистік әуе шабуыл жасалды
https://itolqyn.com/news/iran-i82932-Иранның_астанасы_мен_басқа_бірнеше_қаласына_америкалық_сионистік_әуе_шабуыл_жасалды
ParsToday- АҚШ пен сионистік режим исламдық Иранға қарсы шабуылын бастады.
(last modified 2026-03-02T07:40:55+00:00 )
Нау 02, 2026 13:38 Asia/Almaty
  • Иранның астанасы мен басқа бірнеше қаласына америкалық-сионистік әуе шабуыл жасалды

ParsToday- АҚШ пен сионистік режим исламдық Иранға қарсы шабуылын бастады.

Сионистік режимнің соғыс министрі  28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранның әртүрлі аймақтарына шабуыл жасалғаны туралы уәжденді.
ИИР билігіне жақын хабардар көздердің бірі «Меһр» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «ИИР
 президенті Масуд Пезешкианның дені сау және ол үшін ешкандай қиындық тумады»,- деді.
Иранның Денсаулық министрлігінің баспасөз өкілі ел ауруханаларының толық дайындығы туралы хабарлап: «Жарылыс дыбысы естілсімен жәрдем көліктер Теһранның орталығына аттанды»,- деп айтты. 
Хұсейн Керманипур шәһидтер мен жарақат алғандардың ықтималды саны анықталған соң жарияланатынын мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің шабуылына реакция білдірген Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сртқы саясат комитетінің басшысы Ибрахим Азизи «Х» әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Ескерту жасадық, бірақ соңы сендерге байланысты емес жолды бастадыңдар».