Конгресстің республикашыл өкілі АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылын сынап, оны заңсыз атады
ParsToday- АҚШ Конгрессінің республикашыл өкілі Трамп үкіметінің Иранға қарсы шабуылға қатысуын сынап, оны заңсыз атады.
АҚШ пен сионистік режим исламдық Иранға қарсы шабуылын бастады.
ParsToday-дың IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Конгрессінің Кентуккиден республикашыл өкілі Томас Маси АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы шабуылы туралы хабар таралғаннан бірнеше минут өтсімен әлеуметтік желілердегі постында бұл шабуылды «Конгресс тарапынан рұқсат етілмеген әскери әрекет» деп сипаттады.
*Ирандық басшылардың бірі: Бүгін әлемнің бүкіл халқы Жер бетінің түпкір-түпкірінде АҚШ пен Израильдің мүдделеріне жасалған соққы соғысқұмар және қанішер империализмге қарсы жаһандық қасиетті күрестің бір бөлігі екенін білуі керек.