Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі: Иран халқының басшысы ежелден келе жатқан арманына жетті
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі мәлімдемесінде былай деп баса айтты: «Иран халқының басшысы әрі Ислам үмбетінің қолбасшысы имам Хаменеи қасиетті рамазан айында шәһид болды».
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі мәлімдемесінің мәтіні:
بسم الله الرّحمن الرّحیم
إنا لله و إنا الیه راجعون
Иранның ұлы халқы!
Мейірімді және Рақымды Алланың атымен
Иранның ұлы халқы, әлемнің азаттық талап етушілерінің және Ислам үмбетінің қолбасшысы имам Хаменеи дүниеден озып, ежелден келе жатқан арманына жетті. Ол ата-бабасы хазірет Әли (ғ.с.) сынды қасиетті рамазан айында шәһид болды.
Бүгін Иранның қажымас халқы, Ислам үмбеті мен әлемнің азаттық талап етушілері қылмыскер АҚШ пен залым сионистердің арсыз шабуылдары салдарынан қайғыға батты. Алайда қанішер жау мен халықаралық қылмыскерлер әлемнің қырағы азаматтарының өз жолын тапқанын және белгілі адамдардың шәһид болуы біздің халқымыз бен Ислам үмбеті үшін ауыр болғанымен, олардың күштілеу болатындарын және имам Хаменеидің шәһид болуы әлем залымдарымен күрестің үлкен қозғалысының басталуы болатынын білуі керек.
وسلام علیه یوم ولد و یوم یموت و یوم یُبعث حیا!