Иранның америкалық-сионистік жауға қарсы ауыр соққылары
https://itolqyn.com/news/iran-i82952-Иранның_америкалық_сионистік_жауға_қарсы_ауыр_соққылары
ParsToday- Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүсенбі күні «Хейбар» зымырандардың атылуымен «Шын уәде 4» операциясының оныңшы толқынының басталғанын хабарлады. 
(last modified 2026-03-02T17:22:14+00:00 )
Нау 02, 2026 23:21 Asia/Almaty
  • Иранның америкалық-сионистік жауға қарсы ауыр соққылары

ParsToday- Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүсенбі күні «Хейбар» зымырандардың атылуымен «Шын уәде 4» операциясының оныңшы толқынының басталғанын хабарлады. 

ParsToday-дың IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша,  Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде: «Тель-Авивтегі сионистік режим үкіметінің орталығы, Хайфадағы әскери және өауіпсіздік орталықтарға және Шығыс Құдсқа шабуыл жасау оныншы толқынның нысаналарынан болып табылады»,- деді.
«Шын уәде 4» операциясының жетінші, сегізінші және тоғызыншы толқындары да жексенбі күні америкалық-сионистік нысандарды зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтармен нысанаға алды.
Кувейттегі Американың «Әли әл-Солем» әуе базасы соңғы шабуылдар салдарынан толық белсенділігін тоқтатты және Кувейттегі Амриканың «Мұхаммад әл-Ахмад» теңіз инфраструктурасы да жойылды.
Бахрейндегі Мина Салман портындағы АҚШ-тың теңіз базасы 4 ұшқышсыз ұшақпен нысанаға алынды және оның басқару  және қолдау орталықтарына ауыр шығын келтірді.
Агрессор жаудың теңіз нысандарына қарсы шабуылдардың жалғасуында Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы АҚШ пен Ұлыбританияның 3 танкеріне зымыран тигізді, олар өртке оралды. 
Бахрейндегі америкалық әскерилер орналасқан жер 2 баллистикалық зымыранмен нысанаға алында және аймақтағы АҚШ-тың басқа базаларына шабуыл жасалуда. Бұл шабуылдар 560 америкалық әскеридің өліміне немесе жаралануына әкелді.