Раиси: Сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптап қана қою жеткілікті емес
(last modified Thu, 20 Apr 2023 10:44:32 GMT )
Сәу 20, 2023 16:44 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптап қана қою жеткілікті емес

Иран Президенті сионистік режимнің әл-Ақса мешітіндегі қорғансыз палестиналық намазхандарға шабуылдарына тоқталып, оның басқыншылықтарын айыптап, тек жиреніш білдіру жеткілікті емес екенін айтты.

Ибрахим Раиси сәрсенбі күні ислам елдерінің елшілері және елші қызметін атқарушылармен өткен ауызашарда оларды Ораза айтпен алдын ала құттықтап: "Бүгінде мұсылман халықтары сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұру және Палестина халқын қолдау жолында шынайы іс-қимыл жасалғанын күтіп отыр",-деді.  

Раиси ИИР-дың Палестина мәселесіне қатысты шешім жолын, Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Палестина халқының дауысына сүйене отырып, қалаулы үкімет құру деп атады.

Ибрахим Раиси ислам елдері арасына іріткі салу, тәкфирлік-лаңкестік топтар мен басқыншылардың мұсылмандардың қасиетті орындарына құрметсіздік көрсетуін дұшпанның ислам қоғамдарын әлсірету үшін жүзеге асырып жатқан стратегиясы деп атап, ислам елдерін осындай қастандықтарға қарсы тұру мақсатында бірлесуге шақырды.