Иранның әуе шекарасында дұшпанның екі ұшағына бір мезгілде хакерлік шабуыл жасалды
(last modified Mon, 24 Apr 2023 11:38:30 GMT )
Сәу 24, 2023 17:38 Asia/Almaty
  • Иранның әуе шекарасында дұшпанның екі ұшағына бір мезгілде хакерлік шабуыл жасалды

Иранның электроникалық компаниясының директоры елдің әуе шекарасында ирандық электронды соғыс жүргізу жүйелерін пайдалану арқылы дұшпанның екі тыңшылық ұшағына бір мезгілде хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады.

Иранның электроникалық компаниясының директоры осы компанияның электронды соғыс саласындағы жетістіктері туралы: "Бізде жиіліктерді анықтау және қарымта әрекет ету жүйелері бар. Сондықтан дұшпанның электромагниттік толқындарының бәрін анықтап, тиісті жауап бере аламыз",-деді.

Адмирал Растегари: "Иранның әуе кеңістігі мен әуе шекарасын сақтау үшін электронды соғыс жүргізіп жатқанымызға жылдар болды. Мұндай күш-қабілет қазір елдің Қарулы күштерінде бар. Бірнеше жүз шақырым жерден қауіп-қатер байқасақ, оны жоя аламыз",-деді.