Раиси Дамаскке аттанар алдында: Иранның ұстанымдары парасаттылық және әділдікке негізделген
ИИР Президенті: «Бүгін Иран Ислам Республикасының ұстанымдарының парасаттылық және әділеттілік негізінде және қарсыласу мен тұрақтылық негізінде екені баршаға белгілі болды»,-деді.
Ибрахим Раиси Сирияға бару үшін Теһраннан аттанбас бұрын тілшілермен сұхбатында бұл сапарды Иран мен Сирияның стратегиялық қарым-қатынастарына сәйкес деп санап: «Бүгінгі таңда аймақта Иран Ислам Республикасы жауларға қарсы тұрудың тірегі болып табылатыны және бұл берік тірекке әркім сене алатыны баршаға анық»,- деп қосты.
Раиси сөзінің басқа бір бөлігінде бүгін Сирия мен оның заңды үкіметінің осы елдің бүкіл территориясында егемендікке ие болуына және Сирияның аумақтық егемендігі күн өткен сайын нығая түсуі керек екендігі баршаға белгілі болғанына тоқталып: «Аймақтағы қауіпсіздікті тұрақтандыру және жақсарту Сирия үкіметінің елдің барлық аймақтарында өз егемендігін тиімді пайдалана алуына байланысты»,- деді.
Раиси Иранның Сириямен қарым-қатынасының бүгінгі күндегі қарапайым қарым-қатынас емес екеніне назар аударып: «Американың ДАИШ және басқа тәкфиршіл топтар сияқты жасанды топтары Сирия мен аймақта адам өлтіру, қантөгіс және бейберекетсіздік туғызып, көптеген қылмыстар жасады. Бірақ қарсыласу топтары мен Сирияның қарсыласатын халқы мен Башар Асадтың жеке өзі және Сирия үкіметі олардың қарсыласу негізі барын және шабуылдарға төзімді екенін көрсетті»,- деп айтты.