Башар Асад ИИР Президентін ресми қарсы алды
https://itolqyn.com/news/iran-i69448
Дамаск халқы сарайында Сирия Республикасы Президентінің ИИР Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2023 14:39 Asia/Almaty
  • Башар Асад ИИР Президентін ресми қарсы алды

Дамаск халқы сарайында Сирия Республикасы Президентінің ИИР Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асадтың ресми шақыруымен бүгін (сәрсенбі) таңертең Дамаскіге екі күндік сапармен келген Иран Президенті  Ибрахим Раиси Сирия Президентінің халық сарайында ресми түрде қарсы алынды.

Ресми қарсы алу рәсімінде алдымен екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, президенттер салтанатты бөлімді көргеннен кейін Раиси мен Башар Асад бірге келген жоғары лауазымды тұлғаларды бір-біріне таныстырды.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін президенттердің төрағалығымен екі елдің жоғары деңгейдегі делегацияларының бірлескен отырысы өтеді.