Иранның мұнай экспорты артты
https://itolqyn.com/news/iran-i69514
Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры елде мұнай экспортының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 07, 2023 12:37 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай экспорты артты

Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры елде мұнай экспортының артқанын хабарлады.

Мохсен Ходжастемехр Иранның оңтүстігіндегі Харк аралында: "Он үшінші үкімет кезінде атқарылған тиімді шаралардың арқасында мұнай экспорты 2 есе артты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсен Ходжастемехр Иранның мұнай терминалдары компаниясын Харктан Джаскқа (батыстан шығысқа) дейін, Никадан Бандар-Аббасқа (солтүстіктен оңтүстікке) дейін, сондай-ақ Теһрандағы құрғақ айлаққа (Иранның орталығы) дейін дамыту жобасын түсіндіре келіп: "Харк аралы географиялық жағдайы тұрғысынан әлемдегі терминалдар арасында үздік орынға ие. Ол ең жоғары әлемдік стандарттар деңгейінде басқарылуы тиіс",-деді.

Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры сондай-ақ: "Харктың логистикалық нысандары мен кеме қызметі толықтай экспортқа бағытталған",-деді.