Раиси: Иранның сауда кеңселері басқа елдерде ашылады
Иран Президенті IRAN EXPO-2023 көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ислам республикасының ғылыми-экономикалық әлеуеттерін жақсырақ таныстыру үшін басқа елдерде сауда кеңселерінің ашылатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні V Иранның экспорттық мүмкіндіктері көрмесінің ашылу рәсімінде он үшінші үкіметтің 50 млрд долларға тауар экспорттап, 40 жылда бірінші рет рекорд тіркегенін айтып: "Бұл маңызды жағдай Иран мен басқа елдердің сауда-экономикалық байланысының арта түсіп, қарым-қатынас деңгейінің жоғарылауына себеп болады",-деді.
Раиси Иранның қазіргі өнімдерінің көршілес және әлем елдерінде басқа өндірушілердің тауарларымен бәсекеге түсе алатынын айтып: "Он үшінші үкімет кезінде денсаулық сақтау, фармацевтика және медициналық құрал-жабдықтар саласында пайдалы істер атқарылды. Бүгінде қажетті дәрі-дәрмектердің 95 пайызы ел ішінде өндіріліп, экспортталады. Бұл – осы елдің мақтаныштарының бірі",-деді.
V Иранның экспорттық мүмкіндіктерінің көрмесі болып саналатын IRAN EXPO-2023 көрмесі бүгін Теһранның халықаралық көрмелер орталығында 750 отандық компания мен 60 елдің өкілдерінің қатысуымен басталып, 10 мамырға дейін жалғасады.